14.08.2024, 17:50
Оқиғалар
Өтірік тендер ойната салған - сансыз жаяу жүргінші белгісі бар көше пайда болды
Бір көшенің бойына бірнеше белгінің не үшін қойылғаны белгісіз
Фото: скриншот
Қазақстанда сансыз жаяу жүргінші белгісі қойылған көше табылды. Желіге тараған видеода «мұндайды тек Атырауда көруге болады» деген пікір бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бейнежазбада шағын көше бойымен келе жатқан көлік жүргізушісі камерамен айналаны көрсетеді. Көшенің екі жақ бойында қаз-қатар тізілген жаяу жүргіншілерге арналған белгіні көруге болады.
«Адам қағып кетсең, өмір бойына кететін сияқтысың ғой», «Шаш ал десе, бас алады», «Ақшаны жуу деп аталады бұл, өтірік тендер ойната салған ғой» «Еркінқала» деген пікірлер қалдырған желі қолданушылары.
Редакция оқиғаның мән-жайын білмек болып Атырау облысының әкімдігіне сұрау салды.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды