$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.08.2024, 15:09
Оқиғалар

Оқушы қызды жезөкшелікке салған күдіктілердің ата-аналарына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы Қызылорда полициясы мәлім етті

Қазақстанда резонанс тудырған іс бойынша кәмелет жасына толмаған балалардың ата-аналарына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Аzattyq Rýhy.

Polisia.kz жазғандай, Қызылордада оқушы қызды жезөкшелікке салған, оны қорқытқан балалардың ата-аналары да іске тартылған.

«Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi ата-анасының орындамауына байланысты күдіктілердің ата-аналарына қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жүріп жатыр. Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерi жария етiлмейді», - деп жазады дереккөз.

Еске салсақ, Қызылорда облысында жас қызды сыныптастары жарты жыл құлдықта ұстап, жезөкшелікке салғаны қазір елде резонанс тудырған жағдайға айналды. Бұл туралы алғашқы ақпаратты НеМолчи қоры жазған. Қордың дерегінше, қатарластары оқушы қызды секс-құлдықта ұстап, айына кемі 3-4 млн теңге пайда тауып отырған. 

Серіктес жаңалықтары