$ 492.17  522.39  5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.08.2024, 15:00
Оқиғалар

Қызылорда полициясы сыныптастары сатқан оқушы туралы мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Құқық қорғау органының өкілі осы іске қатысты жалған ақпарат таратылған дейді

Қызылорда полициясы қатарластары жезөкшелікке итермелеген оқушы қызға қатысты әлеуметтік желіде жалған ақпарат тарады деген ұстанымдарын жария етті. Тиісті мәлімдеме polisia.kz салалық сайтында шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Әлеуметтік желіде мән-жайды анықтамастан ақпараттың шынайлығына көз жеткізбей жалған ақпарат тарату деректері тіркелді.  Атап айтқанда, әлеуметтік желіде “Члены школьного ОПГ из Кызылорды держали в секс-рабстве одноклассницу” тақырыбында және осы істің айналасындағы жағдай бойынша көптеген шындыққа сәйкес келмейтін, тексерілмеген жалған ақпараттар шығып, олар барлық әлеуметтік желілер арқылы таратылып отыр», - деп жазады сайт.

Қызылорда полициясының мәлімдемесіне сенсек, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді екен. Полиция күдіктілер үйқамаққа кеткенін растады.

«Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс тіркеп, кәмелетке толмаған күдіктілерді уақытша ұстау изоляторына қамаған. Тергеу соты күдіктілерге қатысты үйқамақ бұлтартпау шарасы қолданылды. Жәбірленуші тарап 6 ай көлемінде құқық қорғау органдарына шағымданбаған», - деп хабарлайды дереккөз.

Серіктес жаңалықтары