Танысын үйіне шақырған астаналық алаяқтыққа тап болды
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды

Жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу барысында «Байқоңыр» ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 34 жастағы әйелді анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Тергеу барысында анықталғандай, қаскүнем жәбірленуші әйелмен үйдің ауласында кездейсоқ танысқан. Әңгіме барысында жәбірленуші әйелді үйіне шақырып, бірге шай ішуді ұсынған.
Пәтер иесінің басқа бөлмеге кеткен сәтін пайдаланған қаскүнем, үйден сөмке мен «Инфиникс» маркалы ұялы телефонды алып, ізін суытқан. Келтірілген материалдық шығын 205 мың теңгені құрады.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, әйелдің елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға сақ болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді», - делінген хабарламада.