12.08.2024, 21:04
Оқиғалар
Қарағандыда дәмхана қызметкері клиенттің банк картасын ұрлап, ақшасын шешіп алған
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды
Фото: freepik.com
Қарағанды қалалық Полиция басқармасы Михайлов полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлықпен айналысты деген күдікпен 40 жастағы дәмхана қызметкерін ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ұсталған азаматша жұмыс барысында оңтайлы сәтті пайдаланып, дәмханаға келген азаматтың банк картасын ұрлап алып, одан 100 мың теңге ақша шешіп алғаны белгілі болды.
«Күдікті қылмыс жасағанын мойындап, айғақ зат тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
17.05.2026, 07:29
Синоптиктер 17 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады
17.05.2026, 08:31
Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
17.05.2026, 06:38
Қазақстанда соңғы жылдардағы ең ерекше «Музей түні» өтеді
17.05.2026, 11:10
Алматы тауларында жағдайы күрт нашарлаған жасөспірім құтқарылды