$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркия әуежайының қызметкері қазақ баланы бетон баспалдақтан құлатып алған - анасы СІМ-нен көмек сұрады

Бала Анталья ауруханасында жатыр 

Түркия әуежайының қызметкері қазақ баланы бетон баспалдақтан құлатып алған - анасы СІМ-нен көмек сұрады
Фото: скриншот

Түркия әуежайының қызметкері мүмкіндігі шектеулі қазақ баланы бетон баспалдақтан құлатып алған. Зардап шеккен жасөспірім қазір Анталья қаласындағы ауруханада жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мүмкіндігі шектеулі бала Аңсар Нұржановтың анасы журналист Денис Денскиге хат жазып, оқиғаның мән-жайын айтқан. Ол баласын жылына бірнеше рет ем шараларын қабылдауға Түркияға алып барады, бірақ ешқашан мұндай сұмдық жағдайға тап болмаған.

«Біз ұшаққа мінейік деп күтіп тұрдық. Әдеттегідей мүмкіндігі шектеулі адамдарды ұшаққа бірінші жайғастырады. Ұзақ күттік, ешкім келмеген соң өзіміз жылжыдық. Тексеру пунктіне түсуге жерлестеріміз – қазақстандықтар көмектесіп жіберді. Бірақ бізге тағы да бетон баспалдақпен түсу керек болды. Сол кезде әуежайдың қызметкері келіп, Аңсарды көтеріп түсірмекші болды. Кейін ол жерде лифт бар екенін білдік. Қызметкер Аңсарды көтеріп алып, баспалдақтан тайып құлап, төмен қарай құлдырай жөнелді», - дейді баланың анасы.

Содан кейін Аңсар көп жарақат алған. Оның сол аяғына гипс салынды, оң йығына зақым келген, беті көкпеңбек, бір көзін аша алмай қалған. Қазір балаға күтім керек. Анасы заңи және материалды көмек көрсетуді сұрайды. Сонымен бірге Қазақстан СІМ-нен Түркияда тұруға рұхсат керек.

Біз Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінен осы оқиғаға қатысты ақпарат сұраттық. 

Серіктес жаңалықтары