08.08.2024, 10:07
Оқиғалар
Бір тәулікте 18 тонна шөп өртенді – ТЖМ
3 өңірде жиналған шөп өртенді
Фото: ТЖМ
Өткен тәулікте 3 өңірде – Алматы облысы, БҚО және Қостанайда жиналған шөп жануы тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олар:
- Кемертоған ауылы, Қарасай ауданы, Алматы облысы - ашық аумақта 250 ш. м. жалпы алаңда орам шөп (шамамен 18 тонна) өртенді;
- Зеленый кенті, Бәйтерек ауданы, Батыс Қазақстан облысы - жеке аулада 275 ш. м. жалпы алаңда орам шөп (шамамен 200 орам) пен мал ұстауға арналған шаруашылық құрылыс өрттенді;
- Заречное ауылы, Қостанай ауданы, Қостанай облысы - жеке аулада жалпы алаңы 40 ш. м. шаруашылық құрылыс және оралған шөп (20 кг-нан 250 бума) жанды.
Өрт барлық жерде сөндірілді.
Осы ретте, ТЖМ шөпті тұрғын үйлерден, шаруашылық құрылыстар мен жолдардан неғұрлым алыс жерлерде сақтау қажет екенін еске салады.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады