$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.08.2024, 16:57
Оқиғалар

Ақтөбеде 2 балабақша басшысы қызметкерлерге тиесілі үстемақыны төлемеген

Керісінше, кей қызметкерлерге артығымен жазған

Ақтөбеде 2 балабақша басшысы қызметкерлерге тиесілі үстемақыны төлемеген
Фото: istockphoto.com

Ақтөбе облысындағы балабақшалардың жұмысшыларына жалақыға қажетті үстемақылар қосылмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2022-2024 жылдар аралығында Хромтау және Ойыл аудандарындағы балабақша қызметкерлерінің жалақысына қосымша ақылар есептелмеген.

«Хромтау қаласындағы балабақшаның бірінде 39 қызметкер ешқандай тәртіптік жазасыз ұзақ уақыт бойы талап етілетін жалақысына үстемақы алмаған. Ал, аталған ұйымның 19 қызметкері тәртіптік жазаға тартылған болса да, 500 мың теңгеден астам сыйақы алған.

36 қызметкерге 250 000 теңгеден 450 000 теңгеге дейін, ал қалған 47 қызметкерге 50 000 теңгеден 70 000 теңгеге дейін екі айлық еңбекақы төленген. Яғни, әр түрлі мөлшердегі үстемеақылардың төлену фактілері анықталды», - деп хабарлады прокуратура.

Сондай-ақ, Ойыл ауданында 33 қызметкерге үстеме жұмыс істегені үшін жалпы сомасы 3 миллион теңгеден астам үстемақы төлемеу фактілері анықталды.

Аталған жұмысшылардың құқықтары қалпына келтіріліп, кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары