06.08.2024, 16:18
Оқиғалар
Қазақстан азаматы Таиландта суға батып кетті
57 жастағы ер адам демалуға барған
Фото: istockphoto.com
Қазақстан азаматы Пхукет аралында суға батып мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Novostiphuketa.asia сайтының ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға 31 шілде күні Карон жағажайында болған. Пхукетке ұшып келе салысымен бірден шомылмақ болған 57 жастағы Қазақстан азаматы суға батып кеткен.
«Оқиға жайлы хабарлама Карон полиция учаскесіне сағат 14:20-да жедел жәрдем орталығынан келіп түскен. Қазақстандық турист Евгений Сапогов (57 жаста) орналасқаннан кейін бірден қонақ үй алдында теңізге батып кетті. Ер адам Пхукетке ұшып келгеннен кейін 60 күнге виза алған. Бірақ, бір күн қонбастан мерт болды», - деп жазылған ақпаратта.
ҚР СІМ бұл ақпаратты растады.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті