05.08.2024, 15:15
Оқиғалар
Ер адам ұрыс-керіс кезінде әйелі мен енесін ұрып өлтірген
Күдікті ұсталып, қамалған
Фото: depositphotos.com
Өзбекстанның Андижан облысында ер адам әйелі мен қайын енесін темір затпен ұрып өлтірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Оқиға өзара ұрыс-керіс салдарынан болған деген ақпарат бар.
«Газете.uz» хабарлағандай, Пахтаабад ауданында тұратын 41 жастағы ер адам жұбайымен және қайын енесімен жанжалдасқан.
Содан кейін ол екеуін де темір затпен ұрып жыққан. Қайын енесі сол жерде қаза тапқан, ал әйелі алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды.
Факті бойынша Өзбекстан қылмыстық кодексінің 97-бабы (қасақана кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті іс жүргізу тәртібімен ұсталды.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
