$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.08.2024, 11:04
Оқиғалар

Жамбылда қылмыстық топ марихуананы жасыру үшін көліктерін өртеп жібермек болған (ВИДЕО)

Түркістан облысы және Астана тұрғындары 105 келі марихуананы тасымалдаған

Жамбыл облысында есірткі тасымалдаушылар ұсталды. Олар қылмысын жасыру үшін көліктерін өртеп жібермек болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Патрульдік полиция қызметкерлері Алматы-Екатеринбург тасжолының 340-шақырымында Lexus ЕС 350 автокөлігін тоқтатты. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында жолаушысы көлікке жанармай төгіп өртеп жібермек болды», - деп хабарлады полиция.

Алайда полиция қызметкерлерінің араласуымен өрт дер кезінде сөндірілді.

«Аталған көлікті Лэтти атты қызметтік-іздестіру итімен тексеру кезінде артқы жүк салғышынан 4 полиэтилендік қапшыққа оралған өткір иісті, есірткіге ұқсас зат табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат салмағы 105 келіге жуық кептірілген марихуана екені анықталды», - делінген ақпаратта.

Есірткі затын заңсыз сақтағаны және тасымалдағаны үшін Түркістан облысының және Астана қаласының тұрғындары ұсталды.

Қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары