Әйтенов оқиғасында әрекетсіздік танытқан бірнеше полиция қызметкері жұмысынан кеткен
Сотта видеоматериалдар қаралды
Марат Әйтеновтің ісіне қатысты сот отырысында 12 шілде Дана Әтешованы үйден шығару кезінде әрекет етпеген бірқатар полиция қызметкері қызметінен босатылған. Ол мәліметтер сотқа куәлік ретінде алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
12 шілде күні сот отырысында Дана Әтешованы тұрып жатқан үйінен күштеп шығарған кезде түсірілген видеолар қаралды. Айыпталушы жақ видеоның толық нұсқасын қоюды ұсынды.
Жәбірленушінің қорғаушылары видеодағы Марат Әйтеновтің Дана Әтешоваға жасаған әрекетінің салдарынан дене жарақтаттары болғанын айтып отыр.
«Видеода балалардың жағдайы мәз емес және олар әкесіне барғысы келмей тұрғанын көруге болады. Сондай-ақ видеода полиция және ювеналды полиция қызметкері жәбірленушінің көмек сұрағанына әрекет етпей тұрғанын көруге болады. Яғни, үйден шығару барысы заңға қайшы өткен», - дейді Әлия Омарова.
Қызметтік тексеріс бойынша Есіл аудындық полициясының бірқатар қызметкері қызметінен босатылып, тағы бір қызметкері қатаң түрде ескерту алғаны белгілі болды.