02.08.2024, 09:18
Оқиғалар
Аяқ киім креміне арналған ыдыстан 15 млн АҚШ долларының есірткісі тәркіленді (ВИДЕО)
ҰҚК екі шетелдікті ұстады
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
ҰҚК Шекара қызметі есірткінің рекордтық партиясын мемлекеттік шекарадан алып өтудің жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Биыл 31 мамырда Түркістан облысындағы Б. Қонысбаев атындағы бақылау-өткізу пунктінде шекарашылар қызметтік итті пайдалана отырып, ауыр жүк көлігінде аяқ киім креміне арналған ыдыстарға жасырылған күдікті заттарды тауып, тәркіледі. Сараптама заттардың құрамында героин барын көрсетті, оның жалпы салмағы 775 кг құрады», - деп хабарлады ҰҚК.
Табылған есірткінің «қара» нарықтағы құны 15 млн АҚШ долларынан артық деп бағаланды.
Осы қылмысты жасады деген күдікпен екі шетел азаматы ұсталды және сот санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Көп оқылған
08.11.2026, 06:26
"Жаңа вирус": Вьетнамға ТМД елдерінен барған туристер белгісіз ауруға шалдығып жатыр
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
08.11.2026, 21:44
Әкесі қызын ернінен сүйген: Өскеменде елді дүрліктірген видеоға қатысты тексеру басталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды