$ 514.5  582.67  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.08.2024, 08:46
Оқиғалар

48 жастағы павлодарлық ата-анасына ренжіп, басқа елге кетіп қалған

Туыстарымен ұрысқаннан кейін ер адам кетіп қалып, 10 күн бойы байланысқа шықпаған

48 жастағы павлодарлық ата-анасына ренжіп, басқа елге кетіп қалған
Фото: Azattyq Rýhy

Ер адам өз жоспары туралы туыстарына ескертпеген және байланысқа шықпаған. Баласына алаңдаған анасы полицияға жүгінуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Павлодар-онлайнға сілтеме жасап.

Із-түзсіз жоғалған ер адамды іздеу туралы полицейлер айтты.

«Әйелдің айтуынша, екі күн бұрын оның 48 жастағы ұлы үйден кетіп, сол күйі оралмаған. Өзі іздегенімен, нәтиже болмаған соң, шарасыз ана тәртіп сақшыларынан көмек сұрады.Биылғы жылдың 24 шілдесінде полицияға ұлының жоғалғаны туралы арызбен анасы жүгінді», - деп хабарлады құқық қорғау органдары. 

Із-түзсіз жоғалғанды іздеуге полицияның жеке құрамы, сондай-ақ еріктілер тартылды. Ол болуы мүмкін деген жерлер мен байланыстарды тексерді.

Іздестіру іс-шаралары барысында 31 шілдеде із-түзсіз жоғалған адамды полиция көрші елдегі Барнауыл қаласынан тапты. Белгілі болғандай, туыстарымен ұрысқаннан кейін ер адам кетіп қалып, 10 күн бойы байланысқа шықпаған.

Серіктес жаңалықтары