Қосшыда экоплоггинг акциясы өтті
Шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын аясында өткен

2024 жылғы 31 шілдеде Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылының арасындағы Сарқырама өзенінің бойында «Таза Қазақстан» облыстық экологиялық акциясы аясында облыстық экоплоггинг өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шараның негізгі мақсаты - қала тұрғындары мен туристердің, әсіресе жастардың экологиялық мәдениетін арттыру, «Адал адам - Адал еңбек - Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде патриотизмге, табиғатқа, қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын дәріптеу.
Экоплоггингтің ұйымдастырушы— Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы мен Қосшы қаласының әкімдігі.
Экоплоггинге азаматтық сектор өкілдері, «Аманат» және «Ауыл» партиясының өкілдері, облыстық жастар ресурстық орталығы директоры, қалалық мәслихат депуттатары, қоғамдық кеңес мүшелері «Жасыл ел» еңбек жасақтары, белсенді жастар мен еріктілер, коммуналдық мекеме қызметкерлі мен меншік иелері бірлестігінің өкілдері қатысты.
Плоггинг екі заманауи тенденцияны біріктіреді— салауатты өмір салты және қоршаған ортаға қамқорлық.
Плоггинг әдеттегі жүгіруден ерекшелігі—адам қапшықты алып, оған жолда кездесетін барлық қоқыстарды жүгіріп жүріп жинайды.
Қатысушылар 2 топқа бөлініп Сарқырама өзенініңтжағалауын жәнеиҚосшы мен Тайтөбе ауылын жалғайтын күре жолдың бойындағы қоқыстарды жинады. Жиналған қоқыс бір жерге үйіліп, қала аумағынан шығарылды