$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.07.2024, 17:30
Оқиғалар

Қазақстандықтарды алдап, 19 миллион теңгені ұрлаған Ресей азаматы ұсталды

Ол мемлекеттік шекара бекетінен Қырғызстанға өтпекші болған

Қазақстандықтарды алдап, 19 миллион теңгені ұрлаған Ресей азаматы ұсталды
Фото: istockphoto.com

Мемлекеттік шекарадан өту кезінде интернет-алаяқтық жасаған күдікті – Ресей азаматы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2024 жылғы 18 шілдеде Тараз қаласы прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері қаланың 3 сенімді азаматтарын интернет байланысы арқылы алдаған Ресей Федерациясының "Р" есімді азаматын ұстады», - деп хабарлады Жамбыл облысының прокуратурасы.

Күдікті сәуір-мамыр аралығында өз сыбайластарымен бірге жергілікті азаматтарды алдаған. Олардың сеніміне кіріп, әр түрлі нөмірден қоңырау шалған.

«Өздерін «екінші деңгейдегі банктердің қауіпсіздік қызметінің жұмыскерлері» және «құқық қорғау органдарының қызметкерлері» ретінде таныстырып, алаяқтар азаматтардың атынан несие алмақшы екенін айтқан. Осы схеманы пайдаланып, алаяқтар «WhatsApp» әлеуметтік желісінің бейнебайланысы арқылы несие ресімдеп, жәбірленушілердің 19 миллион теңгесін иеленген», - деп хабарлады прокуратура.

Аталған факті бойынша сәуір айында сотқа дейінгі сотқа дейінгі тереп-тексеру басталған.

Күдікті мемлекеттік шекара бекетінен Қырғызстанға қарай өтіп бара жатқанда қолға түсті.

Тергеу жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары