30.07.2024, 15:45
Оқиғалар
Қонаевтағы бір букмекер жабылып, төртеуі айыппұл арқалады
Бұл туралы үкіметтің ресми сайты хабарлап отыр
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев
Қонаев қаласында казиноларды жоспарлы түрде және жоспардан тыс тексеру кезінде 1 букмекерлік кеңсе лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үкіметтің ресми сайты хабарлап отырғандай, қалада ойын бизнесі субъектілеріне жоспарлы және жоспардан тыс тексеру өткен.
«Тексеру қорытындысы бойынша 1 букмекерлік кеңсе лицензиядан айырылды, 4 букмекерлік кеңсеге, 2 ойын автоматтары залына және лотерея операторына айыппұл салынды», - деп жазды үкіметтің сайты.
Дереккөзге сүйенсек, Қазақстанда әлеуметтік желілердегі заңсыз лотереяларға қарсы күрес басталған. «Заңнамаға сәйкес лотереяларды өткізуге айрықша құқық лотерея операторы мен оның агенттеріне ғана тиесілі», - деп хабарлады үкімет.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)