$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.07.2024, 12:55
Оқиғалар

«Он екі дәрігер жазаланды»: мерзімі өтіп кеткен анестезия препараттары қолданылған

Есірткі заттары бар ампулалар уақытылы жойылмаған

«Он екі дәрігер жазаланды»: мерзімі өтіп кеткен анестезия препараттары қолданылған
Фото: istockphoto.com

Абай облысы Мақаншы ауданының ауруханасында науқастарға мерзімі өткен анестезия препараттарын қолданған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мақаншы аудандық прокуратурасы денсаулық сақтау мекемесін тексерді.

«Тексеру барысында дәрі-дәрмектің дұрыс сақталмауы, есірткі заттары бар ампулалардың уақтылы жойылмауы және дәрі-дәрмектердің дұрыс тағайындалмауы анықталды. Сонымен қатар, ота жасау кезінде науқастарға мерзімі өтіп кеткен «Кетам» анестезия (наркоз) препараттарын қолдану фактілері орын алған», - деп хабарлады прокуратура.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде медициналық мекеменің 12 қызметкері тәртіптік жазаға тартылып, ӘҚБтК-нің 426-бабы (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) бойынша 1,5 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары