Қостанайда боксшылар жас жігітті балағаттап, ұрып кетті (ВИДЕО)
Өңірдің спорт басқармасы болған оқиғаға байланысты түсінік берді

Қостанайда бокс жаттықтырушылары кафе қызметкерін балағаттап, ұрып жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіде жарияланған видеода екі ер адам бариста жігітпен сөзге келіп, кейін оның біреуі жас жігттің жағасынан алып, бетінен жұдырықпен қойып қалған.
«Қостанай облысының Бокс федерациясының жаттықтырушылары Қуаныш Куликов пен Дәулет Танабаев кафедегі барменге шабуыл жасады. Мұндай әрекеттерге жол беруге болмайды, оны тез тергеп, әділ жазасын беру керек. Куәгерлердің бәрін байланысқа шығуға шақырамыз. Осындай жаттықтырушы мұғалімдер болашақ чемпиондарды, спортшыларды, балаларды қалайша тәрбилей алады?», - деп жазылған желідегі парақшада.
Өңірдің спорт басқармасы болған оқиғаға байланысты түсінік берді.
«Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы облыстық бокс федерациясымен бірлесіп жұмыс тобын құратын болады. Бұл мәселе спорт жөніндегі кеңестің таяудағы отырысында қарастырылады», - делінген хабарламада.