29.07.2024, 11:05
Оқиғалар
Атырауда 18 жастағы тұрғын діни алауыздыққа шақыратын кітаптар таратқан (ВИДЕО)
Қылмыстық іс қозғалды
Тыйым салынған діни материалдарды таратқан Атырау облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Күдіктіні Атырау және Ақтөбе облыстарының экстремизмге қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері ұстады.
Оның уақытша мекенжайына тінту жүргізу кезінде түрлі діни кітаптар, діни мәтіні бар брошюра, т.б. заттар тәркіленді.
«Атырауда 18 жастағы тұрғын діни алауыздыққа шақыратын кітаптар таратқан. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру және оған қатысу дерегімен қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады ПД.
Көп оқылған
18.08.2026, 10:42
«Денесінің сау тамтығы жоқ»: «Барни» үшін құрбан болды деген келіншекке қатысты сұмдық мәлімет жарияланды
18.08.2026, 09:34
Астанада жасөспірім қыз бала тұрғын үйден құлап, мерт болды
18.08.2026, 09:42
Іле ауданында жер үйден шыққан жылан жұртты шошытты (ВИДЕО)
18.08.2026, 16:52
Ұлдана Мырзуанның қазасы бойынша сот отырысы: Әділет Зейнел жәбірленуші мәртебесінен бас тартты