$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.07.2024, 13:20
Оқиғалар

Жүріп бара жатқан көліктің терезесіне отырған адам жазаланды (ВИДЕО)

Ол өз өміріне қауіп төндірді

Ақмола облысының полициясы жүріп бара жатқан көлік терезесінен денесін шығарған жолаушыны анықтады. Жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видео Instagram әлеуметтік желісінде таралған. Кадрларда жолаушының көлік қозғалысы кезінде терезеден денесін шығарып тұрғаны көрінеді.

«Ол өз өміріне қауіп төндірді және маңайындағыларға төтенше жағдай тудыруы мүмкін еді. Тексеру барысында полицейлер автокөліктің нөмірі бойынша иесін тапты. Оқиға бірнеше күн бұрын Бурабай курорттық аймағының аумағында болғаны анықтады. Көлік жүргізушісі Түркістан облысының 29 жастағы тұрғыны болып шықты. Оған қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі (Жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша әкімшілік хаттама жасады», - деп хабарлады ПД.

Полицейлер жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды және өзінің және жол қозғалысының басқа да қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуін сұрайды.

Серіктес жаңалықтары