25.07.2024, 14:36
Оқиғалар
Астанадағы құрылыс алаңында жұмысшы құлап, мерт болды
Қылмыстық іс қозғалды
Фото: видеодан скриншот
Астанадағы құрылыс нысанының бірінде жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Astanovka98 Telegram арнасының хабарлауынша, жұмысшы құрылыста биіктен құлаған. Әлеуметтік желіде трагедия орнынан видео жарияланды.
«19 шілдеде орын алған Астана қаласының құрылыс объектісінде жұмысшының қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін абайсызда адам өліміне әкеп соқтырғаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Көп оқылған
22.08.2026, 12:31
Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 06:13
Алматы облысында мейрамхана ғимараты өртке оранды
22.08.2026, 14:03
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
22.08.2026, 13:30
Астана – Арқалық: бүгін президенттің тапсырмасымен ішкі әуе рейстерінің жаңа бағыты іске қосылды
22.08.2026, 12:06
Қостанайда салық мекемесінің бұрынғы басшысы сотталды