24.07.2024, 11:05
Оқиғалар
Алматыда ер адам лифтіге балаларды тығып, тепкілеген (ВИДЕО)
Полиция түсініктеме берді
Фото: видеодан скриншот
Алматыда ер адам лифтіге балаларды тығып, тепкілеген. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына жазылып қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ер адам алдымен лифтіден шығып, жақын жерде ешкімнің жоқ екеніне көз жеткізеді. Содан кейін лифтіге кіріп, ішінде тұрған екі баланы ұрып-соғады, тебеді.
Алматы қаласы ПД бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Ер адамның кім екені анықталды, ол полиция учаскесіне жеткізілді. Заң бойынша оның әрекетіне баға беріледі. Өзге де фактілер анықталып жатыр», - деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
