24.07.2024, 10:10
Оқиғалар
Ресми Пхеньян Оңтүстік Кореяға қалдық толы әуе шарларын жіберді
Мамыр айынан бері осындай 2 мыңнан астам әуе шары жіберілген
Фото: Yonhap
Ресми Пхеньян Оңтүстік Кореяға қалдық толтырылған әуе шарларын жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Yonhap жазуынша, қоқыс шарлары Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрлігі ғимаратына және президент резиденциясы аумағына дейін жеткен. Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель қоқыс толтырылған шарларды «иррационалды арандатушылық» деп атады.
Мамыр айынан бастап КХДР 2 мыңнан астам қоқыс толтырылған әуе шарын көрші елге жіберді. Ал оңтүстік кореялықтар Пхеньянға ақша толтырылған әуе шарларын, USB флэш-дискілерге жазылған сериалдар және K-pop стиліндегі бейнебаяндарды жазып, шарға салып солтүстікке жіберген. Тіпті, Сеул шекарада орнатылған дауыс зорайтқыштарды да қосуға шешім қабылдады.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды