23.07.2024, 13:22
Оқиғалар
Түркістан облысында ауыл тұрғыны жылқы ұрлаған
Күдікті ұсталып, қамауға алынды
Фото: polisia.kz
Түркістан облысында полицейлер жылқы ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Келес ауданының полицейлері жайылымнан мал ұрлады деген күдікке ілінген жергілікті тұрғынды анықтады.
Нақтырақ айтсақ, полиция бөліміне аудан тұрғынының бірі мал ұрлығы туралы арызданып, белгісіз біреу 700 мың теңге тұратын жылқысын жымқырып кеткенін хабарлаған. Тергеу барысында тәртіп сақшылары күдіктіні, Келес ауданының тұрғынын ұстап, полиция бөліміне жеткізді.
Ұрланған жылқы тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта мал ұрлығы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты