22.07.2024, 16:38
Оқиғалар
Хорватияда ер адам қарттар үйінде оқ жаудырып, 5 адам қаза тапты
Ер адам көп ұзамай ұсталды
Фото: depositphotos.com
Хорватияның Дарувар қаласында атыс салдарынан бес адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Mojoportal хабарлады. Алдын ала ақпарат бойынша, белгісіз адам қарттар үйіне баса көктеп кіріп, оқ жаудырған.
«Сол жерде бес адам қаза тапты. Бастапқыда оқ атқан адам жасырынып үлгерді, бірақ полиция оны Дарувар кафесінің жанында ұстады. Оның не себепті қарттар үйіне оқ атқаны туралы ақпарат жоқ», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ бүгін АҚШ-тың Миссисипи штатындағы атыс кезінде кем дегенде үш адам қаза тауып, тағы 16 адам жарақат алды. MTV барлық қаза тапқандардың 19 жаста екенін хабарлады.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды