22.07.2024, 15:07
Оқиғалар
Грузияда 4,9 балдық жер сілкінісі болды
Ошақ 42 шақырым тереңдікте орналасқан
4,9 балдық жер сілкінісі Грузияның оңтүстік-шығысындағы Дедоплисцкаро муниципалитетінде, Әзірбайжан шекарасына жақын жерде тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Ұлттық сейсмикалық бақылау орталығы хабарлады. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Кахети аймағындағы Дедоплисцкаро қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 3 км қашықтықта анықталды.
Ошақ 42 км тереңдікте орналасқан. Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 12:08-де тіркелді. Зілзала қуаты Тбилисиде де сезілген, бірақ ешқандай зақым келмеген. Қирау мен зардап шеккендер туралы хабарламалар болған жоқ.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды