Қызылордада пәтерлерден алтын ұрлайтын адам қолға түсті
Ол 4 миллионның алтынын әр түрлі пәтерден қолды еткен

Қызылордада полицейлер әккі ұрыны қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
6 тұрғын үйлерінен зергерлік бұйымдардың ұрланғандығы жөнінде полицияға арызданған. Оларға 4 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірілді.
«Әккі ұры терезе арқылы облыс тұрғындарының үйлеріне заңсыз кіріп, алтын бұйымдарды жымқырған. Тергеу барысында полиция күдіктінің жасаған іс-әрекеттерін толығымен дәлелдеді. Оның іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен сараланып, қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабына сәйкес айыптау актісімен сотқа жолданды», - деп хабарлады полиция.
Қызылорда қалалық сотының үкімі негізінде сотталушыға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.