21.07.2024, 21:09
Оқиғалар
Ақмола облысында АН-2 ұшағы өртеніп кетті
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр
Фото: Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақмола облысында Жарқайың ауданында АН-2 ұшағы өртеніп кетті. Бұл туралы Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖД мәліметінше, оқиға бүгін Державинск қаласынан 10 шақырым жерде болған.
«Әуеге көтерілмекші болған АН-2 ұшағынан өрт шықты. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Ұшқыш жанып жатқан техникадан өздігінен эвакуацияланды. ТЖМ құтқарушылары 8 минут ішінде өртті оқшаулады. Қазіргі уақытта өрт толғымен сөндірілді», - деді ведомстводан.
ТДЖ баспасөз қызметінен атап өткендей, қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)