Таразда жол ережесін бұзып, әлеуметтік желіні шулатқан жүргізуші ұсталды
Жүргізуші алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылады

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Тараз қаласының көшелерінде жол ережесін өрескел бұзған «Mercedes-Benz» маркалы автокөлігінің жүргізушісін анықтады. Ол 21 жастағы Шымкенттік тұрғын болып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық ПД-ға сілтеме жасап.
Жамбыл облысының полицейлері жүргізушіні анықтап, көлік құралына бағдарлауды Шымкент қалалық ПД-не тапсырып, құқық бұзушыны ұстады.
«Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, 110 760 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабына сәйкес жүргізуші алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылады. Көлік құралы арнайы айыптұраққа қойылды», - делінген хабарламада.