$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.07.2024, 17:30
Оқиғалар

Садыр Жапаровтың тағы бір туысы қамауға алынды

Бұл жолы президенттің жиені ұсталды

Садыр Жапаровтың тағы бір туысы қамауға алынды
Фото: gov.kg

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың жиені Ұлан Жапаров ұсталды. Енді ол ірі алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы құқық қорғау органдары Kaktus.media редакциясына 2024 жылдың 17 шілдесінде хабарлады.

Президенттің жиені Қырғызстан президентінің облыстағы өкілетті өкілі болуға уәде беріп, 100 мың доллардан астам сыйақы алған, бірақ ол ешқашан уәдесін орындамаған, деп жазды агенттік.

Елдің Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚК) қызметкерлері оны ұстады. Ұлан Жапаровқа қатысты 2024 жылдың 19 тамызына дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Оған "Аса ірі көлемдегі алаяқтық" бабы бойынша айып тағылып отыр.

Айта кетерлігі, Ұлан Жапаров 2023 жылы қамауға алынған. Ол сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді. Бірнеше ай қамауда болып, кейін бұлтартпау шарасы үйқамаққа ауыстырылды.

Еске салайық, президенттің болашақ күйеубаласы наркодилер болып шықты.

Серіктес жаңалықтары