Шымкент тұрғыны инстаграмда ұтыс ұйымдастырып, 96 миллион теңге пайда тапты (ВИДЕО)
Ол қамауға алынды
Шымкент тұрғыны заңсыз лотерея ұйымдастырып, 96 миллион теңге пайда тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаржы мониторингі жөніндегі агенттігінің хабарлауынша, кәсіпкер азаматша «Лотерея және лотерея қызметі туралы» заңды бұзған.
«Ол лицензиясыз әлеуметтік желіде лотерея ұйымдастырды. Екі аккаунтты пайдаланып Instagram-да ойын эфирлерін жүргізді. Жүлде қорында Land Cruiser Prado жол талғамайтын көлігі, әр түрлі бренд смартфондары, зергерлік бұйымдар мен тұрмыстық техника болды. Сонымен қатар, әйел лотереяға қатысу үшін билеттерді сатуды жарнамалады: бір билет құны – 5000 теңге. Бірнеше билетке жеңілдік ұсынған», - деп хабарлады ҚМА.
ҚМА 2023 жылдың күзінде билеттерді сату лотерея ұйымдастырушыларына 96 млн теңге әкелгенін атап өтті.
Сот әйелді кінәлі деп тауып, бір жылға бас бостандығын шектеу үкімін шығарды. Автокөлік пен басқа да заттар мемлекет пайдасына тәркіленді.