17.07.2024, 08:36
Оқиғалар
Астанада сауда үйінен өрт шықты
Зардап шеккендер жоқ
Фото: ТЖМ
Астана қаласының құтқарушылары Байқоңыр ауданындағы «Ажар» сауда үйіндегі өртті сөндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Астана қ. ТЖД күштері мен құралдары жеткен кезде, Байқоныр ауданында орналасқан 2 қабатты «Ажар» сауда үйінің 3 сауда бутигінің жанып жатқаны анықталды. Жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды. Барлығы 4 жауынгерлік учаске жұмыс жасады», - делінген хабарламада.
Өрт болған кезде ғимаратттың ішінде адамдар болмаған.
Өрт толығымен нақтыланған ақпарат бойынша 60 ш.м. алаңда жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Өртті жоюға ТЖМ күштер мен құралдарының жеке құрамынан 65 адам мен 14 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты