16.07.2024, 11:41
Оқиғалар
Алматыда тағы да автобус апаты: 9 адам зардап шекті
Бұл жолы жүк көлігімен соғысқан
Фото: t.me/almatynews_kaz/
16 шілде күні таңертең Алматыда жүк көлігі мен жолаушылар автобусы соғысты. Салдарынан тоғыз адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі апат Наурызбай ауданында сағат 09:15-те болғанын хабарлады.
«Жүк көлігінің жүргізушісі Әшімов көшесімен солтүстік бағытта, Шаляпин көшесінің солтүстігінде, аялдама кешеніне тоқтаған №137 маршруттық автобуспен соқтығысқан. Соқтығысу нәтижесінде автобус инерция арқылы Шығыс жолға шығып, жеке үйдің қоршауына соғылды. Апат салдарынан автобустың тоғыз жолаушысы зардап шекті», - делінген ведомствоның ресми хабарламасында.
Көп оқылған
23.08.2026, 16:15
24 тамыз күні ауа райы қандай болады
23.08.2026, 18:41
Әлем чемпионаты: ұлттық құрама қазақ күресінен үш алтын еншіледі
23.08.2026, 16:38
ШҚО-да жартасқа жазу жазған шетелдіктерге айыппұл салынды
23.08.2026, 16:59
Өскеменде полицейлер жоғалған 9 жасар баланы 8 минутта тапты