$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.07.2024, 18:00
Оқиғалар

«Пәтер алып беремін»: Алматыда алаяқ 17 тұрғынды 24 млн теңгеге алдап кеткен

Ер адам қаланың ХҚКО-ларында тұрғындармен тілдесіп, сендірген 

«Пәтер алып беремін»: Алматыда алаяқ 17 тұрғынды 24 млн теңгеге алдап кеткен
Фото: istockphoto.com

Алматы облысының 30 жастағы тұрғыны Талдықорған тұрғындарын тұрғын үй сатып алуға көмектесемін деп сан соқтырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаланың тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінде және ХҚКО-ларында күдікті тұрғын үй сатып алуда қиындықтарға тап болған адамдарға өз көмегін ұсынған. Өз қызметі үшін ер адам мүлікті сатып алғысы келетіндерден 400 мың теңгеден 3 млн теңгеге дейінгі мөлшердегі ақшалай соманы алып отырған.

Осылайша, ол қысқа уақыт ішінде қаланың 17 тұрғынын жалпы сомасы 24 млн теңгеге алдады.

«Сот ер адамды ҚР ҚК-нің 190-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оған төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қазіргі уақытта сотталған адам Семей қаласының қауіпсіздігі орташа мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Ол еңбекке жарамды. Ай сайын алып отырған жалақысынан талаптарды төлейді», – деді САТжӘПБ бөлімінің бастығы Мақсұт Бақытбек.

 

Серіктес жаңалықтары