15.07.2024, 15:51
Оқиғалар
Жүк көлігі жолдың шетінде тұрған жеңіл көлікті мыжып өтті (ФОТО)
Бір адам зардап шекті
Фото: Ақмола облысы ПД
Ақмола облысында жүк көлігі жолдың шетінде тұрған жеңіл көлікпен соқтығысып, бір адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы шілденің 13-де «Астана-Петропавл» тас жолының бойында болған.
«Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. «Foton» және «Nissan» көлік құралдарының соқтығысуы салдарынан жеңіл автокөліктің жолаушысы жарақат алды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», — деді ведомство.
Тәріп сақшылары автокөлік жүргізушілерін жолдарда өте мұқият болуға және жол жиегінде тұрған кез келген көлік құралы қауіптің ықтимал көзі болып табылатынын ұмытпауға шақырады.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді