14.07.2024, 22:25
Оқиғалар
Атырауда 10 жастағы қыз бассейндегі суға батып кетті
Оқиға кезінде қыз бала қараусыз қалған
Фото: freepik.com
Атырауда жаңа ұстарлық оқиға болды. Қаладағы орталық бассейнде 10 жастағы қыз бала суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы жағдайға қатысты аймақтық ТЖД түсініктеме берді. Белгілі болғандай, оқиға кезінде қыз бала қараусыз қалған.
«14 шілде күні 17:15-те Атырау облысы ПД жедел кезекшісінен Атырау қаласы, С.Мұқанов көшесі, №5 үй мекенжайындағы «Мұнайшы» орталық бассейнінде еркін жүзу кезінде 2014 жылы туған Ш.Н. суға батып, қаза болғаны туралы ақпарат түсті», - деп хабарлады ТЖД.
Полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындалды және кешенді тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды
03.10.2026, 08:23
Қазақстан Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде 13 медаль жеңіп алды