$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.07.2024, 12:44
Оқиғалар

Шымкентте 56 млн теңге бюджет қаражатын жымқырмақ болған серіктестік анықталды

ЖШС абаттандыру жұмысын жүргізбеген

Шымкентте 56 млн теңге бюджет қаражатын жымқырмақ болған серіктестік анықталды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен

Шымкент қаласының экономикалық сотының шешімімен мемлекеттік мекемеге шарттық міндеттемелерін орындамаған ЖШС-тен бюджет қаражатын өндіріп алудан бас тартылған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 56 млн теңгеден астам бюджет қаражаты мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Шарт бойынша ЖШС Шымкент қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталықты абаттандыру жұмыстарын жүргізу міндетін алған, алайда бұл міндеттемені тиісінше орындамаған. Прокурордың наразылығы бойынша апелляциялық саты бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жойып, бітімгершілік келісімін бекіту туралы шешім қабылдады», - деп хабарлады Шымкент қаласы прокуратурасы.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде бөлінген бюджет қаражаты толық мемлекетке қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары