09.07.2024, 14:45
Оқиғалар
Қызылорда облысында 3 миллион теңгеге жуық ақшаны жымқырған есепші ұсталды
Ол 3 жылға сотталды
Фото: istockphoto.com
Қызылорда облысы Арал ауданында есепші 2,7 млн астам өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті қызмет бабын пайдалана отырып иемденгені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Есепші «Бөген» ауылдық клубы коммуналдық қазыналық кәсіпорнында жұмыс істеген.
Аталған дерек аудандық прокуратурамен СДТБТ-не ҚК-тің 189-бабы 2-бөлігінің 3) тармағымен тіркеліп, Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды.
Арал аудандық сотының 27.05.2024ж. үкімімен кінәлі тұлғаға 3 жыл бас бостандығынан шектеу түрінде жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
