09.07.2024, 14:17
Оқиғалар
Іле-Алатау ұлттық паркі туристер үшін жабылды
Талғар ауданында ТЖ режимі енгізілді
Фото: Алматы әкімдігі
Алматы облысының Талғар ауданында 9 шілдеден бастап табиғи сипаттағы ТЖ режимі енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қауіпсіздік мақсатында жергілікті билік келушілер үшін Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінің аумағына баруды шектеуге шешім қабылдады.
«Бұл шешім Сол Талғар өзенінің бассейнінде орналасқан Морена көлін босату және селден қорғау құрылысының алдында өзен арнасын тазарту бойынша алдын алу шараларын жүргізуге байланысты қабылданды. Бұл іс-шаралар Талғар, Кендала, Ақтас елді мекендерінің тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған», - деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қазір Талғар ауданы әкімдігінің, ТЖД және Қазсельсорғау қызметкерлері аумақта жұмыс істеп жатыр.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады