09.07.2024, 11:55
Оқиғалар
Жетісуда 3 миллион теңгенің балығын аулаған браконьер ұсталды
Тергеу амалдары басталды
Фото: polisia.kz
Жетісуда 3 миллион теңгенің балығын аулаған браконьер ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Рейдтік іс-шаралар барысында табиғатты қорғау полициясы 400 кг балық ресурстарын заңсыз тасымалдаған Қаратал ауданының тұрғынын ұстады.
«Автокөліктің багаж бөлігін тексеру кезінде тасымалдауға тиісті құжаттары жоқ 400 келі балық анықталды. Алдын ала залал 2 800 000 теңгені құрады. Балық ресурстарын заңсыз аулау фактісі бойынша тергеу басталып, барлық мән-жайлар анықталып жатыр», – деп атап өтті табиғатты қорғау полициясының бастығы Ринат Парманов.
Өңір полициясы Жетісу тұрғындары мен қонақтарын табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және табиғатты қорғауға шақырады.
Көп оқылған
08.11.2026, 06:26
"Жаңа вирус": Вьетнамға ТМД елдерінен барған туристер белгісіз ауруға шалдығып жатыр
Бүгін, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
08.11.2026, 21:44
Әкесі қызын ернінен сүйген: Өскеменде елді дүрліктірген видеоға қатысты тексеру басталды
08.11.2026, 08:31
«Қымбат махаббат»: Астаналық әйелдің бұрынғы сүйіктісі телефонын ұрлап, 2,65 млн теңге несиеге батырып кетті
08.11.2026, 11:00
Астанада тұрғын үйден өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды