Астанадағы қонақ үйлердің бірінде санын сындырған әйел 1,1 млн теңге өтемақы өндіріп алды

Azattyq Rýhy

Қызметтер қауіпсіздік шараларына сай болмаған 

Астанадағы қонақ үйлердің бірінде санын сындырған әйел 1,1 млн теңге өтемақы өндіріп алды
Фото: Azattyq Rýhy

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты қонақ үйге шағымданған әйелдің ісін қарады. Қонақ үй бассейнінде әйелдің саны сынған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жарақат алған сәттен бастап әйел ұзақ уақыт емделген. Оған уақытша еңбекке жарамсыздық парағы ашылған.

ҚР СТ 2985-2017 «Хауыз қызметтері» халыққа қызмет көрсетудің ұлттық стандартына сайғ бассейн аумағы келген адамдардың өмірі үшін қауіпсіз болуы шарт. 

«Сотта анықталғандай, талап қоюшы бассейн аймағына арнайы резеңке аяқ киімсіз кірген, соның салдарынан тайып құлап, дене жарақатын алған. Бұл жауапкер көрсеткен қызмет сапасының төмендігін көрсетеді. Соның салдарынан оның денсаулығына зиян келген.

Алайда, сот залал сомасын азайту қажет деп санады. Өйткені, әйел б бассейн аумағына тайғанамайтын аяқ киім кимей, немқұрайдық танытқан», - деп хабарлады сот.

Сот материалдық залалды өтеу мөлшерін талап қоюшының кінәсінің дәрежесіне (50%) пара-пар азайтқан.

«Талап қою ішінара қанағаттандырылды: ЖШС-нен (қонақ үйден) талап қоюшының пайдасына 1,1 млн теңге жоғалған табыс және 160 мың теңгеден астам дәрі-дәрмек және авиабилет сатып алуға кеткен шығын өндірілді. Жауапкердің қызмет көрсету кезінде талап қоюшының денсаулығына зиян келтірудегі кінәсі ішінара деп танылғандықтан, 50 мың теңге моральдық зиянды өтеу туралы талап ішінара қанағаттандырылды», - деген шешім шықты.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.