Ақтауда автокөлік өртеніп, әйел адамды күйік шалды

Azattyq Rýhy

Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы

Ақтауда автокөлік өртеніп, әйел адамды күйік шалды
Фото: lada.kz

Ақтау қаласында автокөліктің өртенуі кезінде әйелді күйік шалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  жергілікті Lada.kz-ке сілтеме жасап.

 Басылымның хабарлауынша, оқиға 9-шы және 10-шы шағын аудандар арасындағы жолда болған.

«Жол бойында жолаушылар көлігінің толық жануы орын алды. Өрттің салдарынан әйел термиялық күйік алды. Оған апаттар медицинасының орталығының қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, үйіне жіберілді», - деп хабарлайды Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 6 қызметкері мен техниканың бір бірлігі жұмылдырылды.

Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Өрт сәті видеоға түсті.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.