05.07.2024, 11:30
Оқиғалар
«12 рет пышақ сұққан»: Алматы облысында қылмыстық іс қозғалды
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Фото: https://t.me/egovpress/
Алматы облысы Есік қаласында белгісіз ер адам жас жігітті 12 жерінен пышақтап өлтірді. Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Белгісіз ер адам Toyota RAV4 көлігінде келе жатып, жолда 1995 жылы туған жас жігітке 12 рет пышақ сұққан. Салдарынан жігіт оқиға орнында көз жұмды.
Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиға туралы түсініктеме берді.
«Полиция кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды