05.07.2024, 11:10
Оқиғалар
Қарағандыда сұмдық жол апаты тіркелді: бес автокөлік соғысқан
Үш адам медициналық мекемеге жеткізілді
Фото: instagram.com/dorogi_karagandy/
Қарағандыда жаппай жол-көлік апаты орын алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 шілде күні сағат 17:32-де К. Маркс көшесінде бес автокөлік – Lexus, Toyota, Mercedes және екі Chevrolet Nexia қатысуымен ЖКО орын алған.
«Апат салдарынан Toyota автокөлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл факт полицияда тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады», - деп хабарлады полиция.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді