$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.07.2024, 15:55
Оқиғалар

Қарағандыдан Түркияға ұшуы тиіс рейс 30 сағатқа кешікті

Жолаушыларға не болып жатқаны бірден түсіндірілмеген 

Қарағандыдан Түркияға ұшуы тиіс рейс 30 сағатқа кешікті
Фото: Ekaraganda.kz

Қарағанды әуежайында Антальяға ұшатын рейс 30 сағатқа жуық кешіктіріліп ұшты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жоспарланған демалысқа бір тәуліктен астам уақыт бойы ұша алмаған 300 жолаушының шағымы жайлы Ekaraganda.kz сайты жазды.

Жолаушыларға не болып жатқаны бірден түсіндірілмеген. Ұшақ 3 шілде күні таңғы бесте ұшуы керек болатын. Одан үш сағат бұрын жолаушылар рейстің кейінге қалдырылғаны туралы хабарлама алған. Біршама уақыттан соң әуе компаниясының қызметкері келіп, рейстің кешкі 10-ға ауыстырылғанын мәлімдейді.

«3 шілде күні кешкі 7-де рейстің түнгі 12-ге ауыстырылғанын хабарлады. Біз әуежайға сегіз жарымда келдік. Рейсте тек қарағандылықтар ғана емес, басқа қалалардан келгендер де болды. Оларға демалыс бөлмесінде тек 20 орын ұсынылды, алайда адамдар бұдан әлдеқайда көп. Жолаушылар бүкіл уақытты сонда өткізді. Содан кейін кешкі он жарымда бізге рейстің тағы екі сағатқа кешіктірілетіні хабарланды. Күн өте ыстық. Бізге не су, не тамақ бермеді», – деді жолаушының бірі.

Кейінірек ұшақтың істен шыққаны, ал техниктің Алматыдан ұшып келе жатқаны хабарланған. Рейс тағы бірнеше рет кейінге қалдырылған.

«Сары-Арқа» әуежайы рейс ұшақтың бұзылуына байланысты шегерілгенін растады. Ұшақ таңғы сағат он шамасында әуеге көтерілді.

Серіктес жаңалықтары