04.07.2024, 15:45
Оқиғалар
Қуырдақ, чебурек, брискет: ШЫҰ саммитінде президенттерге қандай ас ұсынылды
Тәуелсіздік сарайында Қазақстан төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтті
Фото: Борт № 1
ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астана қаласына арнайы келген ұйымға мүше мемлекеттердің басшыларына ұсынылған түскі ас мәзірі жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ас мәзірінде: бал қыша тұздығы қосылған авокадо салаты, лайм сорбеті, карамельді грильяжбен ванильді суфле, сондай-ақ, қой етінен қуырдақ, сиыр етінен тұшпара сорпасы, бұзау етінен чебурек болды. Каспий бекіресі филесі, ауылдағыдай дайындалған картоппен сиыр етінен «брискет» те ұсынылды.
Айта кетейік, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтті.
Бұл саммитте Беларусь ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі атанды.
Көп оқылған
25.11.2026, 07:39
Елордада жел 28 м/с-қа дейін күшейеді: үш күнде ауа райы қалай өзгереді
25.11.2026, 15:22
«Хейттің тоқтайтын түрі жоқ»: Астанадағы самса цехының басшысы кінәсін мойындап, кешірім сұрады
26.11.2026, 11:04
«Жейдесінің сау тамтығы қалмаған»: Атырауда әйелін 28 жерінен пышақтаған ер адамның сотында сұмдық айғақтар жария болды
25.11.2026, 17:04
Саптағы 26 жылдың құны - бір жапырақ алғыс хат: Қазақстанда зейнетке шыққан әскерилер неге қоғамға сыймай қалады
26.11.2026, 09:05
Бүгін түнде Алматыда бес адам, соның ішінде бір бала тірідей жанып кетті
