02.07.2024, 09:55
Оқиғалар
Ақтауда инкассатор 10 млн теңге ұрлап, банк ғимаратының жертөлесінде өзін басынан атқан
Полиция қылмыстық іс қозғады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев
Ақтау қаласында инкассатор 10 миллион теңге ұрлап, артынша суицид жасаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жергілікті Lada.kz басылымы WhatsApp мессенждерінде тараған ақпаратты жариялады. Оқиға кеше болған.
1981 жылғы инкассатор банк ғимаратында 10 миллион теңге ұрлаған. Кейін сол ғимараттың жертөлесіне жасырынып, табельдік қарумен өзін басынан атқан.
«Тергеу шаралары жүріп жатыр. Ұрлық және өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді», - деп мәлімдеді Ақтаудың полиция басқармасы.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді