Екібастұзда ТЖ режимі жарияланды

Azattyq Rýhy

Екі энергоблоктың жұмысы тоқтады

Екібастұзда ТЖ режимі жарияланды
Фото: gres2.kz

Екібастұз әкімі Аян Бейсекин қалада Объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы ақпарат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

«Екібастұз қаласында «Energy Solutions Center» ЖШС-де орын алған авариялық жағдайға байланысты объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жариялансын»,- делінген ақпаратта.

28 маусым күні сағат 5:24-те ГРЭС-1-де техникалық апат орын алды. Салдарынан № 2, 3, 4, 7 энергия блоктары тоқтатылды. Станция генерацияны 2080-нен 320 МВт-қа дейін төмендетті.

Кейінірек тоқтаған төрт энергоблоктың екеуінің жұмысы қайта жанданды.

Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті оқиғаға байланысты тергеуді бастады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.