$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.10.2019, 09:12
Оқиғалар

Әкесі автобус соққысынан құтқарып қалған бала есін жиды

Баланы автобустың соққысынан құтқарып қалған әкесі көз жұмған болатын

Әкесі автобус соққысынан құтқарып қалған бала есін жиды
Фото: ашық дереккөзден

Дәрігерлер Қызылордада әкесі өз денесімен жауып, автобустан құтқарып қалған баланың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қызылорда облыстық ауруханасының дәрігерлері бала есін жиды деп хабарлады.

«Ол бізге ес-түссіз күйінде түскен болатын. Қазір есін жиды. Кеше түсте жасанды демалдыру қондырғысын алып тастадық. Дегенмен баланың жағдайы ауыр. Бірте-бірте жақсарып кетуіне үміт артып отырмыз. Ең бастысы есін жиды», - деді дәрігерлер.

Сондай-ақ, медицина баланың жағдайы жақсарса, басын томографияға түсіруге дайын отыр. Оның нәтижесін Нұр-Сұлтан қаласына жібереді. Егер қажет болса, баланы сол жаққа ауыстыруы да мүмкін. 

Айта кетейік, баланы автобустың соққысынан құтқарып қалған әкесі көз жұмған болатын. Артынша әке мен баланы соққан автобустың видеосы желіде жарияланды.

Серіктес жаңалықтары